Футзалдан Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды
Футзал

Қазақстан футзал федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасының ФИФА әлемдік рейтингіндегі орны анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілетеме жасап. 

FIFA-ның жаңарған рейтингінде Қазақстан құрамасы 8-орынға табан тіреді. Бразилия бірінші, Португалия екінші, Испания үшінші орында тұр.

Айта кетейік, футзалдан оныншы әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласында: Ташкент, Бұхара және Әндіжанда өтеді. Қазақстан D тобында Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен ойнайды.