Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеуінде жеңіске жетті

Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеуінде жеңіске жетті
Футзал

ҚФФ

Қазақстан құрамасы футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында Астанада Албания құрамасын сенімді жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ойын 4:2 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Дамир Қайырбай (7-минут), Лео (7, 17) және Шыңғыс Есенаманов (26) гол соқты. Ал албаниялықтардан Арбер Шкодра (24) мен Бриланд Тома (39) көзге түсті.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде он ұпай, ал Албания үш ұпаймен қалды. Бұған дейін Еуро-2026 іріктеуінде Қазақстан Албанияны (2:0) және Данияны (7:3) жеңген. Сондай-ақ, Данияға (2:3) есе жіберіп, Армениямен (4:4) тең түскен болатын.