Даурен Нұрғожин ұлттық құрамадағы жұмысына қайта оралды

Футзал
ҚФФ
Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы әрі ұлттық құраманың бапкері Даурен Нұрғожин қызметіне қайта кірісті.
“Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін Дәурен Маратұлы денсаулығына байланысты ұлттық құрамада 3 айдай уақыт болмады,” – деп жазды ҚФФ Instagram парақшасында.
Қарағанды футбол мектебінің түлегі ретінде Нұрғожин мансабында «Тұлпар» мен «Қайрат» клубтарында ойнады. «Тұлпар» сапында 42 ойында 13 гол, ал «Қайратта»193 кездесуде 36 гол соқты. Қазақстан құрамасы жейдесінде 75 матчқа шығып, 18 рет көзге түсті.
Қазақстан құрамасы 7 наурызда Астанада Албаниямен, 12 наурызда Армениямен (Ереван) кездеседі. Бұл ойындар Еуро-2026 іріктеу кезеңінің соңғы матчтары болмақ.