Израильден Ресейге: Шушеначев жаңа команда сапына ауысты

Израильден Ресейге: Шушеначев жаңа команда сапына ауысты
Футбол

Ашық дереккөз

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы  Артур Шушеначев Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» клубынан Ресейдің «Сочи» клубына ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып «ФНЛ с Ильевым» телеграм-каналы жазды.

«Сочи» футбол клубы «Хапоэль Беэр-Шевадан» шабуылшы Артур Шушеначевті (189 см) жалға алды. Енді ол Владимир Писарскиге бәсекелес атанды», - делінген хабарламада. 

Артур алматылық клубтан «Хапоэль» сапына 2024 жылдың ақпан айында ауысты. Ол израильдік клубта 20 ойын өткізіп, 2 гол салды. «Сочи» болса РПЛ-де қазір 9 турдан кейін 14 ұпаймен бесінші орында келеді. Клубты испаниялық маман Роберто Морено жаттықтырады.