Дана Уайт Шавкат Рахмоновқа қатысты жақсы жаңалықпен бөлісті

Дана Уайт Шавкат Рахмоновқа қатысты жақсы жаңалықпен бөлісті
Жекпе-жек

Ашық дереккөз

UFC басшысы Дана Уайт ММА жанкүйерлерін қуантты. Жартылай орта салмақта әлемдік рейтингіде үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов октагонға оралатынын айтты. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.  

Уайттың айтуынша, Шавкаттың келесі жекпе-жегін жақын арада күту керек. Толық ақпарат 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін UFC кешінен кейін белгілі болады деп күтілуде.

«Шавкат туралы жаңалық керек пе? Шавкат жақын арада жекпе-жекке шығады. Мен UFC Noche аяқталмайынша ештеңе айтпаймын», - деді Уайт Instagram желісіндегі стрим кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов өткен жылдың желтоқсан айында екінші раундта Стивен Томпсонды тұншықтыру арқылы жеңгеннен бері жекпе-жек өткізбеген болатын. Осыдан кейін ол жарақатын емдеді.