Ақтөбедегі жаңа стадионды шетелдік компания салады
Футбол
gentes.com.tr
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбедегі стадионды шетелдік мердігер салатынын мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, Қазақстанда мұндай үлкен нысанды салуға қауқарлы компания жоқ.
“Басында 30 мың орынға арналған еді. Бірақ жаңа стадион 35 мың орынға арнап салынады. Ойындарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік бар. УЕФА-мен келісім жасалып, футбол федерациясы да қолдау көрсетуде. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Жобасы бар, негізгі құжаттары дайын. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін компанияны анықтап, келесі жылы құрылысты бастаймыз. Бізде тәжірибелі компаниялар жоқ, сондықтан шетелдік мердігер салады. Құрылыс жұмыстары 1 жыл 8 айда аяқталуы керек. Оны 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз”, - деді Асхат Шахаров.