Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Норвегиямен тең түсті

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Норвегиямен тең түсті
Футбол

ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Алматы қаласында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында Қазақстан құрамасы Норвегия қақпасына 5 соққы бағыттады. Ал Норвегия Шацкийдің қақпасына 20 соққы жасады.

Еске салайық, Станислав Черчесов шәкірттері Норвегияға қарсы екінші матчын 11 қарашада өткізеді. Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын Любляна қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. Топта Қазақстан және Норвегиядан бөлек, Австрия мен Словения құрамалары да бар.