Магомед Адиев «Ахмат» командасынан кетті
Футбол
Ахмат ФК
Грозныйдың «Ахмат» клубын баптаған Магомед Адиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы маманның өзі «Матч ТВ» тілшісіне мәлімдеді.
«Біз құжаттарға қол қойдық. Мен «Ахматтан» кеттім. Бұл ортақ шешім. Клубқа болашақта табыс тілеймін», - деді Адиев.
Енді ресейлік маман «Ақтөбеге» келеді деген болжам бар. Себебі ақтөбелік клубтың тізгінінде болған Дмитрий Парфенов та бүгін орнын босатты.