Ауғанстанда аралас жекпе-жекке (ММА) тыйым салынды

Ауғанстанда аралас жекпе-жекке (ММА) тыйым салынды
Жекпе-жек

ММА Express

Ауғанстанда билік басындағы «Талибан» (исламдық ұйым) елде аралас жекпе-жекке (ММА) тыйым салды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Билік мұндай шешімді дінге сәйкес келмейтіндіктен негіздегені атап өтілді. Бұйрықты ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігінің (PVPV) моральдық полициясы спорттың ислам заңына немесе шариғат заңдарына сәйкестігін тексергеннен кейін шығарды. 

«Бұл спорт түрі шариғат тұрғысынан проблемалы және көптеген аспектісі бойынша ислам ілімдеріне қайшы келетіні атап өтілді. Осы себепті Ауғанстанда аралас жекпе-жекке тыйым салу туралы шешім қабылданды», - деді Талибан үкіметінің спорт органы.