Ресми: Александр Седнев «Ордабасы» бас бапкері қызметінен кетеді
gettyimages
«Ордабасы» футбол командасының басшылығы бас бапкер Александр Седневтің қызметінен кетуі жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Команда басшылығы Александр Седневтің бас бапкер қызметінен кету туралы өтінішін қабылдаған, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алдағы «Шахтермен» матч Александр Сергеевич үшін «Ордабасыдағы» соңғы ойын болмақ. Жаңа бас бапкердің есімі жақын күні белгілі болады», - деп жазылған хабарламада.
Александр Седнев шымкенттік клубтың тізгінін 2021 жылдан бері ұстап келеді. Былтыр команда өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Биыл еурокубоктағы жорығын Чемпиондар лигасында бастап, онда Молдованың «Петрокуб» (1:0, 0:0) командасына есе жіберді. Одан кейін Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің «Дифферданж-03» командасын (4:3, 0:1) тізе бүктірсе, үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюник» командасына (0:1, 0:1) жеңіліп қалды. Еурокубок ойындарындағы сәтсіздіктен кейін Александр Седнев қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тараған еді.