Таеквондо: Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионынан жеңіліп қалды
Басқа
Сали Сабиров
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын.Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.