Еуропа лигасы: «Ружембероктан» жеңілген «Тобыл» Конференция лигасына түсіп қалды

Еуропа лигасы: «Ружембероктан» жеңілген «Тобыл» Конференция лигасына түсіп қалды
Футбол

www.vseprosport.ru

Қостанайдың «Тобылы» футболдан Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Словакияның «Ружемберок» командасын жеңгенімен келесі кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Қос команда арасындағы бірінші ойын 2:5 есебімен словакиялық клубтың жеңісімен аяқталған еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде қостанайлық команда кем дегенде үш доп айырмасымен жеңіске жетуі керек болған.

Ойын бастала сала «Тобыл» футболшылары жылдам гол соғып үлгерді. 8-минутта Эль Мессауди нысананы дәл көздеді. Араға көп уақыт салмай Жұмасқалиев жаттықтыратын команданың ойыншылары екінші голды салған. Бірақ офсайд тіркеліп, таблодағы есепке қайта түзету енгізілді. 

Екінші таймда да «Тобылдың» басымдығы анық байқалды. Алайда қарсылас команда ойыншылары қорғаныста сауатты ойнап, өз қақпаларына гол енгізген жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскенімен Еуропа лигасындағы жарыс жолын аяқтады. Енді олар Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде сынға түседі.