ҚПЛ-дағы ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
Футбол
Meta-ratings.kz
Беделді Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасындағы ойыншылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбенің» футболшысы Максим Самородов Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Шабуылшы 1,2 млн еуроға бағаланған. Екінші орынға «Қайсарда» ойнайтын Беларусь футболшысы Виктор Громыко жайғасқан. Оның трансферлік құны - 900 мың еуро. Ал, үздік үштікті ақтөбелік клубының тағы бір ойыншысы Габи Кики түйіндеді. Оның бағасы - 900 мың еуро.