«Астана» ресейліктерді жергілікті ойыншы ретінде өтінімге қоса алады

«Астана» ресейліктерді жергілікті ойыншы ретінде өтінімге қоса алады
Баскетбол

"Перехват" телеграм арнасына белгілі болғандай, жұма күні Бірыңғай лига кеңесінде ресейліктердің шетелдік клубтар үшін — бұл жағдайда "Астана" үшін жергілікті ойыншылар ретінде теңестіру бойынша дауыс беру өтеді. Бұл бастаманы клубтар қабылдайды және тіпті Ресей Баскетбоол федерациясы да қолдайды деп күтілуде.  

"Астана" жергілікті деп өтінімге кірігізе алатын ресейліктердің саны ғана түсініксіз болып тұр. Казір екі-үш адамның саны талқылануда. Қазақстанда Ресейге қарағанда баскетболшылар саны аз. Ресейліктер жергілікті ретінде  есепке алынатын болса, Қазақстаннан келген клуб мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар, команданың қаңқасы жылдар бойы өзгермейді, ал тұрақты ойын уақыты бар жергілікті ойыншылар 30 жастан асып түсті. Ең жас - 27 жастағы Айтқали мен Майдекин, бірақ олардың ауысымы әлі көрінбейді. Енді "Астана" Ресей трансферлік нарығына елеулі түрде қосыла алады. Ресей Федерациясының төлқұжаты бар ойыншыларды толыққанды легионерлер ретінде қабылдау бұрын мүмкін емес еді, өйткені нарық американдықтарға толы — сіз әрқашан одан да арзан әрі олардан кем түспейтін ойыншыны таба аласыз. Бірақ қазір клуб ресейліктерді әлдеқайда белсенді түрде шақыра алады, өйткені олар жергілікті ойыншылармен "құқықтарда" теңестіріледі.

Лига үшін бұл не береді? Мұнда бәрі ашық және айқын - "Астана" күшейіп, ресейлік командаларға үлкен бәсекелестік жасай алады.