Вахид Масудов «Алтай» тізгінін ұстады

Вахид Масудов «Алтай» тізгінін ұстады
Футбол

Kazfootball.kz

«Алтайды» тәжірибелі бапкер Вахид Масудов жаттықтырады, деп хабарлайды BasSport.kz өскемендік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған. Одан кейін қазақстандық маман «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал» командаларын және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ Масудов Super bol жобасында қызмет етті», - делінген хабарламада. 

Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Евгеньевич Байтеряков кірді.