Велоспорттан Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Велоспорттан Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды
Велоспорт

Olympic.kz

Велоспорттан Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде екі қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 178 шақырымға жарысудан Дмитрий Груздев чемпион атанды. Күміс жүлдені Глеб Брусенский, қоланы Штеин Йоган еншіледі.

Әйелдер арасында 100 шақырымға жарысудан Рината Сұлтанова топ жарды. Сондай-ақ Виолетте Казакова екінші, Елизавета Склярова үшінші орыннан көрінді.