“Барыс” сырт айдындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

“Барыс” сырт айдындағы екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” Құрлықтық хоккеә лигасы тұрақты маусымы аясындағы кезекті ойынын сырт айдында “Сочиге” қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матч есебін алғаш болып айдын иелері ашқан, альекінші кезеңнің соңына қарай Кирилл Панюков таразы басын теңестірді. Ойынның қорытынды бөлігінде есеп өзгеріссіз қалып, жеңімпаз овертаймда анықталды. Бұл сында Тайс Томпсон дәл соққысының арқасында өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, “Барыс”сырт айдындағы екі ойында жеңіске жетіп, төрт ұпай олжалады. 

Енді елордалық команда өз айдынында екі ойын өткізеді, қарсыластар - “Салават Юлаев” (21 қараша) пен “Авангард” (23 қараша). 

“Сочи” - “Барыс” - 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 07:41 - Боден (Сероух)

1:1 - 36:58 - Панюков (Томпсон, Уолш)

1:2 - 61:35 - Томпсон 

Қақпашылар: Щетилин - Шил