ӘЧ-2026: мундиальге жолдама алған 34 құрама белгілі болды
Футбол
Футболдан 2026 жылы үш елде - АҚШ, Канада мен Мексикада өтетін әлем чемпионатына іріктеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазіргі таңда жаһан біріншілігіне жолдама алған 34 құрама белгілі, олар: АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Колумбия, Парагвай, Марокко, Тунис, Мысыр, Алжир, Гана, Кабо-Верде, ОАР, Катар, Сауд Арабиясы, Англия, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Франция, Хорватия, Норвегия, Португалия, Германия және Нидерланды.
Алдағы уақытта мундиальге жолдама алған 14 құрама да белгілі болады. Ал әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.