Қазақтың жас футболшылары Еуропа чемпионатына шығуға бір табан жақындады

Қазақтың жас футболшылары Еуропа чемпионатына шығуға бір табан жақындады
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер (U17) құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Хорватияда өткен іріктеу кезеңінде жасөспірім футболшыларымыз Албанияны 2:1 есебімен жеңіп, “В” дивизионында жалпы 6 ұпай еншіледі. Осылайша, іріктеуде бірінші орын алған командамыз “А” дивизионына жолдама алды. Бауыржан Сағындық шәкірттері келер жылдың көктемінде Еуропа біріншілігі финалдық кезеңі жолдамасы үшін таласады.