Азиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Велоспорт
Сали Сабиров
Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстандық велошабандоздар жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.
Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.