Елена Рыбакина жыл үздігі атануы мүмкін
Теннис
Jimmie48/WTA
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында WTA нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы аталымына ұсынылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлемдік рейтингтің үздік бестігі қатарына кіретін отандасымыз “Жыл спортшысы” аталымы үміткерлері қатарына қосылды. Бұл тізімде сондай-ақ, Арина Соболенко, Ига Швентек, Коко Гауфф, Аманда Анисимова мен Мэдисон Киз бар.
Жеңімпаз 15 желтоқсан күні өтетін WTA салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады. Премия аясында сонымен қатар, “Жыл жұбы”, “Жыл камбэгі”, “Жыл прогресі” және “Жыл жаңалығы” номинацияларында үздіктер анықталады.
Еске салайық, биыл Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет WTA Finals турнирінде жеңіске жеткен еді.