Бүгін еурододада бақ сынайтын қазақстандық футбол клубтарының қарсыластары анықталады

Бүгін еурододада бақ сынайтын қазақстандық футбол клубтарының қарсыластары анықталады
Футбол

Goal.kz

Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымда еурокубок ойындарының бірінші іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың қарсыластары жеребе арқылы анықталады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл аладоп бәсекесінде еліміздің атынан «Ордабасы», «Тобыл» және «Ақтөбе», «Астана» клубтары сынға түседі. 

Шымкенттік «Ордабасы» командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғайды. Олардың ықтимал қарсыласы ретінде «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), «Пюник» (Армения), «Петрокуб» (Молдова) командалары аталды. 

Тағы бір отандық команда қостанайлық «Тобыл» биыл Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңіне қатысады. Оның ықтимал қарсыластары - «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зиря» (Әзербайджан), «Ружомберок» (Словакия), «Лапи» (Косово).

Ал, елордалық «Астана» командасы биыл Еуропа лигасында ойнайды. Олар жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қазақстандық клубтардан «Ақтөбе»командасы қатысады. Оларға «Динамо» Тбилиси (Грузия), «Партизани» (Албания), «Милсами» (Молдова), «Сараево» (Босния и Герцеговина), «Урарту» (Армения) ықтимал қарсылас атанып отыр.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі 17:00-де, Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі 18:00-де, Конференция лигасының жеребе тарту рәсімі 19:00-де басталады.