Әлішер Ерғали әлемдік рейтингіде үздіктер қатарына енді

Әлішер Ерғали әлемдік рейтингіде үздіктер қатарына енді
Күрес

Olympic.kz

Мажарстанда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған спорттық бәсекеде чемпион атанған қазақстандық балуан Әлішер Ерғали жаңартылған турнирлік кестеде 97 келі салмақта 8-орынға табан тіреді. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында тұр. Ал, Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыға жайғасқан. Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингіде бірінші орында келеді.