Эльжана Таниева Миланда өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

Эльжана Таниева Миланда өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады
Гимнастика

Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Италияның Милан қаласында өтетін әлем кубогының шешуші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, дүбірлі дода 21-23 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді. Ол Ташкентте (Өзбекстан) өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. 

Қазақстандық атлет ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.