EURO-2024: Германия Венгрияны қиындықсыз жеңді

EURO-2024: Германия Венгрияны қиындықсыз жеңді
Футбол

UEFA.com

Штутгарттағы MHP-Arena стадионында Германия мен Венгрия құрамалары кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші туры аясында өткен ойында немістер қарсыластарынан басым түсті. Ойындағы екі голдың авторы –Жамал Мусиала (22-минут) мен Илкай Гюндоган (67-минут).

Екі ойында 100 пайыздық көрсеткіш көрсетіп, 6 ұпай иеленген Германия Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалына шықты.