Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шықты

Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

Sputnik Қазақстан

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Елена алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен кортқа шықты. 

Алғашқы партияда Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші партия тартысқа толы болды. Дегенмен отандасымыз бұл сетте де 7:5 есебімен басым түсті.

Бір сағат 34 минутқа созылған матчта Елена 5 эйспен қатар 11 брейк-пойнттың 4-еуін пайдасына жаратты. Кудерметова 1 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін Белорусь елінің өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады.