EURO-2024: Албания Хорватиямен тең түсті

EURO-2024: Албания Хорватиямен тең түсті
Футбол

UEFA.com

Германиядағы Еуропа чемпионатында Хорватия мен Албания құрамалары В тобындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Матч Гамбургтегі Volkparkstadion стадионында өтті. Ойынның 11-минутында албаниялық жартылай қорғаушы Казим Лачи есеп ашты. Хорваттар сапынан 74-минутта Андрей Крамарич таразы басын теңестірді.

Араға 2 минут салып хорваттар Клаус Гясулдың автоголының арқасында екінші голды салды. Алайда 95-минутта Гясуля өз қателігін жуып-шайып,  жауапты голды соғып, кездесудегі тең нәтижені тіркеді.

Ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бірінші ойында хорваттар Испаниядан 0:3 есебімен жеңілсе, албандар 1:2 есебімен Италияға есе жіберді.