EURO-2024: Шотландия мен Швейцария ұпай бөлісті

EURO-2024: Шотландия мен Швейцария ұпай бөлісті
Футбол

UEFA.com

Германиядағы Еуропа чемпионатында Шотландия мен Швейцария құрамалары өз топтарындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кельндегі «Рейн-Энерги» стадионына жиналған жанкүйерлер бұл ойында екі гол көрді. Яғни матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 13-минутында шотландиялық ойыншы Шер өз қақпасына гол соғып алды. Араға 13 минут салып 26-минутта швейцариялық шабуылшы  Шакири таразы басын теңестірді. Осылайша Джердан кейінгі 6 ауқымды турнирде гол соққан жалғыз ойыншы атанды. 

Айта кетейік, А тобындағы соңғы турда Шотландия Венгриямен, Швейцария Германиямен ойнайды. Екі кездесу де 23 маусымда өтеді.