Бейбіт Ыстабаев басшылық қызметке тағайындалды

Бейбіт Ыстабаев басшылық қызметке тағайындалды
Күрес

Vesti.kz

«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Sport Plus Qazaqstan спорттық порталының мәліметінше, ұзақ жылдар бойы қазақ күресімен айнылысып, көптеген турнирде жеңіске жеткен танымал балуан туған өңіріндегі спорттың дамуына атсалысады. Атап айтқанда, ол Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. 

Бұған дейін де Бейбіт спорт клубына басшылық еткен еді.

Б. Ыстыбаев – қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің 2012, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпазы. Сондай-ақ 2011 жылы аталған турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Сонымен қатар командалық сында «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы болды.