WASL: "Астана" екінші ойында жеңіске жетті

WASL:
Баскетбол

"Астана" баскетбол клубы Батыс-Азия Суперлигасының сегіздік финалының топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық команда осы жарыс аясындағы екінші ойынын Бахрейндік "Әл-Манама" клубына қарсы өткізді. Қос қарсылас арасындағы кездесу тартысты өтті. Қорытынды есеп 122:117. "Астана" құрамынан Маркелл Джонсон нәтижелігімен көзге түсті. Ол ойын барысында 42 ұпай жинады. 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" алғашқы ойынында Бейруттен келген «Әл-Рияди» командасына жол берді