2026 FIFA World Cup қатысушылары мен топтары толық анықталды

2026 FIFA World Cup қатысушылары мен топтары толық анықталды
Футбол

FIFA

АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 FIFA World Cup турнирінің барлық қатысушылары белгілі болды.

Соңғы жолдаманы Ирак құрамасы мен Боливия құрамасы сарапқа салды. Шешуші кездесуде Ирак құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Али Аль-Хамади (10-минут) мен Айман Хуссейн (53-минут) гол соқса, Боливия құрамасынан Мойсес Паниагуа (38-минут) мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысатын барлық 48 құрама анықталды.

Топтық кезең құрамы:

A тобы: Мексика құрамасы, ОАР құрамасы, Оңтүстік Корея құрамасы, Чехия құрамасы

B тобы: Канада құрамасы, Босния және Герцеговина құрамасы, Катар құрамасы, Швейцария құрамасы

C тобы: Бразилия құрамасы, Марокко құрамасы, Гаити құрамасы, Шотландия құрамасы

D тобы: АҚШ құрамасы, Парагвай құрамасы, Австралия құрамасы, Түркия құрамасы

E тобы: Германия құрамасы, Кюрасао құрамасы, Кот-д’Ивуар құрамасы, Эквадор құрамасы

F тобы: Нидерланды құрамасы, Жапония құрамасы, Швеция құрамасы, Тунис құрамасы

G тобы: Бельгия құрамасы, Мысыр құрамасы, Иран құрамасы, Жаңа Зеландия құрамасы

H тобы: Испания құрамасы, Кабо-Верде құрамасы, Сауд Арабиясы құрамасы, Уругвай құрамасы

I тобы: Франция құрамасы, Сенегал құрамасы, Ирак құрамасы, Норвегия құрамасы

J тобы: Аргентина құрамасы, Алжир құрамасы, Австрия құрамасы, Иордания құрамасы

K тобы: Португалия құрамасы, ДР Конго құрамасы, Өзбекстан құрамасы, Колумбия құрамасы

L тобы: Англия құрамасы, Хорватия құрамасы, Гана құрамасы, Панама құрамасы