"Астана" WASL жарысын сәтсіз бастады

Баскетбол

"Астана" баскетбол клубы Батыс-Азия Суперлигасының сегіздік финалын жеңіліспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық ұжым Бейруттен келген «Әл-Рияди» командасына жол берді. Қорытынды есеп 101:69.

Жарыс Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатыр. Бүгін "Астана" «Әл-Манама» клубымен кездеседі.