Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Бокс

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы сынға түсуде, деп хабарлайды Bassport.kz. 

63,5 келі салмақта жұдырықтасатын Базарбайұлы бірінші айналымда филиппиндік боксшыдан басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Айта кетелік, Мұхмедсабыр Базарбайұлы Италияда өткен іріктеу сынында жеңіліс тапқан еді. Алайда, елімізде өткен спаррингтік турнирде жеңіске жетіп, Таиландтағы турнирге қатысу мүмкіндігін алды.

Кешегі жарыс күнінде Назым Қызайбай жеңіске жетті.