Отандық дзюдошылар командалық сында бірінші айналымнан өте алмады

Отандық дзюдошылар командалық сында бірінші айналымнан өте алмады
Дзюдо

Әбу-Дабидегі дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалық сын бойынша жарыс басталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Біздің команда сапынан Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді.

Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын аяқтады. Команда сапында Абиба Әбужақынова ғана қола жүлдегер атанды.