Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына өтті

Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына өтті
Теннис

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогі Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы А тобында кеше Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтса, бүгін Малайзияны ойсырата ұтты — 3:0.

Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0, 6:0. Заңғар Нұрланұлы Девашты тас-талқан етіп жеңді — 6:1, 6:0.

Жұптық сында Д. Тазабеков — Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0, 6:2.

Сәрсенбі күні Сергей Квактың шәкірттері Қытай құрамасымен ойнайды. Қытайлықтар да ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Аталмыш матчта А тобынан қай команданың бірінші орынмен шығатыны шешіледі.