Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды

Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис

Спорт-Экспресс

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас «Ролан Гаррос-2024» турнирінде алғаш рет топ жарды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Финалдық кездесуде 21 жастағы Карлитос неміс теннисшісі Александр Зверевпен кездесті. Жеңімпаз бес сеттік ойыннан кейін анықталды. 4 сағат 19 минутқа созылған тартысқа толы кездесуде 3:6, 6:2, 7:5, 1:6, 6:2 есебімен Испанияның үшінші ракеткасы басым түсті. 

Матч барысында Зверев 8, Алькараста 3 эйс жасады.