Қазақ баласы Әмір Омарханов "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына өтті

Қазақ баласы Әмір Омарханов
Теннис

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.

Тартысқа толы бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, қазақстандық-ресейлік жұп шешуші сәтте жеңіске жетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте Омарханов – Дерепаско үш брейк жасап, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2. Әмір мен Тимофейдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.