Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингіндегі жағдайын жақсартты
Kazinform.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында WTA рейтингіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жаңартылған рейтингіде Қазақстанның үздік теннисшісі Данилина 57-орыннан 54-орынға көтерілді. Сондай-ақ жұптық сайыста Жібек Құламбаева – 140-орын (+4), Юлия Путинцева – 369-орын (+4), Сандуғаш Кенжибаева – 703-орын (+1), Инкар Дюсебай – 1 499-орын (+2) және Карина Джумажанова 1 499-орынға (+2) көтерілді.
Өзге қазақстандық теннисшілер турнирлік кестеде төмен сырғыды. Олар: Асылжан Арыстанбекова - 777 орын (-2), Гозал Айнитдинова - 864 орын (-75), Аружан Сағандықова - 880 орын (+3), Жанель Рүстемова - 900 орын (-7), Татьяна Николенко - 959 орын (- 3), Дана Байдәулет - 974 орын (-6) және Мария Синицына - 980 орын (-4).