Кукушкин Ноттингемдегі турнирдің ширек финалына шықты

Кукушкин Ноттингемдегі турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Ноттингем челленджер турнирінде америкалық Патрик Кипсонды жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

3 сағат 20 минутқа созылған тартысты матчта 6:7 (3:7), 7:5, 7:6 (7:3) есебі тіркелді. Бұл кездесуде Михаил Кукушкиннің асығы алшысынан түсті. Енді отандасымыз ширек финалда әлемнің 183-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Билли Харрис немесе рейтингіде 224-орындағы бразилиялық Жуан Фонсеканың қай жеңгенімен кездеседі.