Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді
Футбол

Маусым айында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения және Әзербайжан құрамаларымен жолдастық матч өткізеді. Ұлттық құрама 2 маусым күні Алматыда жиналады.

Үш күндік оқу-жаттығу жиынынан соң команда Ереванға жол тартады. Армения – Қазақстан жолдастық матчы 7 маусым күні 21:00-де В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Әзербайжанмен өтетін жолдастық ойын 11 маусымға жоспарланған. Матч Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады. Тізімге 34 футболшы енді.

Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Руслан Валиуллин, Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Ян Вороговский, Александр Марочкин, (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Әлібек Қасым (бәрі – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей), Михаил Габышев («Елімай»), Әділхан Добай («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Арман Кеңесов, Рамазан Оразов, Максим Самородов (бәрі – «Ақтөбе»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»), Владислав Прокопенко («Жеңіс»), Иван Свиридов («Елімай»);

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:

7 маусым Армения – Қазақстан

В.Саркисян атындағы Республикалық стадион, Ереван, Армения

11 маусым

Әзербайжан – Қазақстан

«Халадаш» стадионы, Сомбатхей, Мажарстан.