«Челси» ойыншысы Дастан Сәтпаевтың Аустралиядағы фотосы жарияланды
"Челси" футбол клубы
Лондондық «Челси» клубы Аустралия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маусым алдындағы тур аясында Сиднейге келген футболшылардың алғашқы командалық суретін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-сілтеме жасап.
Кадрдан қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевты да көруге болады. 17 жастағы қазақстандық футболшы негізгі құраммен бірге Аустралияға аттанды.
Бұл – Сәтпаевтың лондондық клуб сапындағы алғашқы маусымалды дайындық жиыны және оның болашағы үшін маңызды кезеңдердің бірі. Жарияланған суретте Дастан Сәтпаев 23 жастағы орталық қорғаушы Леви Колвилл мен 21 жастағы қанат ойыншысы Джейми Гиттенс арасында орналасқан.
Аустралия және Оңтүстік-Шығыс Азия туры барысында «Челси» бес жолдастық кездесу өткізеді. Лондондықтар алдымен 28 шілдеде «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен кездессе, 1 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы ойнайды. Кейін команда «Ювентус», «Милан» және Малайзияның «Джохор Дарул Такзим» клубымен күш сынасады.