Еркін күрестен Стамбулдағы лицензиялық турнирде кім күресетіні анықталды

Еркін күрестен Стамбулдағы лицензиялық турнирде кім күресетіні анықталды
Күрес

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты.

Бас бапкердің айтуынша, әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен "Яшар Догу" турнирінде анықталған.

"Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. "Яшар Догу" халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ. Стамбулдағы турнирге Рахат Қалжан (57 келі), Адлан Асқаров (65 келі),Талғат Сырбаз (74 келі) қатысады. Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады", - деді бас бапкер.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады.