Грек-рим күресінен Стамбулдағы лицензиялық жарысқа кімдер барады

Грек-рим күресінен Стамбулдағы лицензиялық жарысқа кімдер барады
Күрес

Біріккен күрес әлемі (UWW) Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады, деп жазады Bassport.kz.

UWW тізіміне сәйкес, грек-рим күресінен Қазақстан атынан екі балуан күреседі. Олар - Дін-Мұхаммед Қошқар (67 келі), Юсуф Мациев (97 келі).

Дін-Мұхаммед Қошқар Қазақстан чемпинонатының финалында Мейіржан Шермаханбеттен ұтылған болатын. Бірақ екінші нөмірлі спортшы ретінде Бішкектегі Азия чемпионатына қатысқан жоқ.

Ал Юсуф Мациев 97 келі салмақта құрлық біріншілігінің финалына шығып, күміс жүлдегер атанған.

Айта кетелік, Қазақстан қоржынында грек-рим күресінен төрт лицензия бар.