Ержет Жарылқасын өз мансабында тұңғыш рет күрестен Азия чемпионы атанды

Ержет Жарылқасын өз мансабында тұңғыш рет күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті.

Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі.

Бұл Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі.

Турнир барысында Ержет Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы және Солтүстік Корея өкілдерін жеңген.