Стенд ату: Эудард Ещенко Парижге барады, Әсем Орынбайда жолдама жоқ

Стенд ату: Эудард Ещенко Парижге барады, Әсем Орынбайда жолдама жоқ
Спорттық ату

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, деп жазады Bassport.kz. Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетелік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.

Ал команда үздіктерінің бірі Әсем Орынбайда әзірге Олимпиада жолдамасы  жоқ. Ол енді рейтинг бойынша Париж ойындарына лицензия алуға тырысады.