Француз жігітіне тұрмысқа шыққан Жанна Мамажанова марафоннан Олимпиада жолдамасын алды

Француз жігітіне тұрмысқа шыққан Жанна Мамажанова марафоннан Олимпиада жолдамасын алды
Жеңіл атлетика

Роттердамда (Нидерланд) өткен халықаралық турнирде марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада лицензиясын иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол межелі қашықтықты 2:26.42 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативтін орындады. Сондай-ақ, ол өз рекордтын жаңартты. Бұған дейін оның халықаралық турнирдегі көрсеткіші 2:26.54 құраған.

Айта кетелік, Жанна Мамажанова Францияда тұрады. Ол 2021 жылы француз жігіті Марко Туриге тұрмысқа шыққан. 

Мамажанова Токио Олимпиадасында да ел намысын қорғаған болатын. 

Бір қызығы, Жанна Мамажанова Париж Олимпиадасына жолдама алған алғашқы қазақстандық жеңіл атлет. 

Дмитрий Карпов жаттықтыратын жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы лицензиялық жарыстарда төмен нәтиже көрсетуде.