Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті
Жеңіл атлетика
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті.
Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшының көрсеткіші - 1 метр 76 сантиметр.
Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығында өтуде. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған.
Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.