Тегераннан алтын жүлде түсті

Тегераннан алтын жүлде түсті
Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бүгін ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета екінші орыннан көрінген.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге екінші болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.