Азамат Дәулетбеков қатарынан үшінші рет Азия чемпионатының финалына шықты

Азамат Дәулетбеков қатарынан үшінші рет Азия чемпионатының финалына шықты
Күрес

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін еркін күрестен екі  салмақта қазақ балуандары финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

61 келі салмақта Асыл Айтақын финалға өтті. Ол ақтық сында қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен белдеседі. 

86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков Азияның алтынына таласады. Дәулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевпен кездеседі. 

Былтырғы Азия ойындарында Азамат тап осы Шапиевтен жеңілген болатын. 

Азамат Дәулетбеков 2022 және 2023 жылдары  Азия чемпионы атанған. Биыл ол қатарынан үшінші рет Азия чемпионатының финалына шықты.