Асланбек Шымбергенов 30 жасында өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды

Бокс
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ширек финалда Асланбек әзірбайжандық Сархан Алиевті жеңді. Есеп - 5:0.
Төрешілер Шымбергеновтің басымдығын мойындап, қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді.
Асланбек Шымбергенов 30 жаста. Ол 2023 жылғы әлем және Азия чемпионы.